Железин ауданының ардагерлері мерейтойын атап өтті. Олар 1978 жылы құрылған. Содан бері зейнеткерлер әрқашан аймақтың қоғамдық өмірінің белсенді араласып келеді. Мерейтойлық жиында ақсақалдар жұмысты қорытындылап, шығармашылықтарын көрсетті.

Железин ауданы ардагерлер кеңесі осыдан 45 жыл бұрын құрылған. Ұйымның басты міндеті – зейнеткерлерді жан-жақты қолдап, жастарға үлгі-өнеге көрсету. Ауданда үш мыңға жуық зейнеткер тұрады.

Зауреш Зейкенова, Железин ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Ұзақ жылдар бойы талай жұмыстар атқардық. Атап айтар болсам, соғыс туралы поэтикалық байқау, сондай – ақ ауылдық округтерде «Обелискіден обелискке» акциясы және ардагерлер арасында «Ардагерлер ауласы» атты аудандық байқаулар сияқты өте ауқымды іс-шаралар өтті.....міне, енді, аудандық кеңестің пленумы өтуде, оған барлық ауылдық округтердің өкілдері қатысады. Ардагерлер ұйымының белсенділерін марапаттаймыз.

Ғалия Канафьевна осы ұйымның белсенді қатысушысы Әр мереке сайын олар Железин ауданына қарасты әр ауылдың зейнеткерлерін құттықтап, құрмет көрсетіп келеді.

Ғалия Әбдіразақова, Железин ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі :

Біз ауылдарға да барамыз. Железинкада ғана емес, ауылдарды аралап, оларды құттықтаймыз. Жүздерінен бақытты сәттерін көріп, естеріңе сақталып, бізге деген жақсы көзқарастарын байқаймыз. Олар балаша мәз болып, қуанып, таңғалып жатады. Ән айтамыз. Сондай-ақ сыйлық жасаймыз

Халық шығармашылығы көрмесі ардагерлер қозғалысының 45 жылдығына арналды. Өз туындысын алып келген жандардың бірі - Любовь Яркова. Ол мектеп жасынан бастап қолөнермен айналысады. Бүгінгі таңда оның жұмыстары облысымызға танымал.

Любовь Яркова, Железин ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі:

Бұл көрмеде таспадан суреттер бар, боялған тары, қуыршақ суреттері бар.Қуыршақтарды маталардан жасаймын"– бір жұмысты алсам бірден жасауым керек. Жұмыстарым үш сағат немесе үш күн ішінде дайын болады

Аталмыш көрме Олег Калюжныйдың жұмысына арналды. Ол иірілген жіптен түрлі картиналар жасайды. Қазір оның еліміздің және шетелдің көрмелеріне қойылатын 150-ден астам жұмысы бар.

Олег Калюжный, Железин ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі:

бұл жұмысты осыдан 40 жыл бұрын бастадым. Ол кезде иірілген жіп болған жоқ. Киімдердің, жемпірлердің жіптерін тарқатып алатынбыз жасай бастадым. Алғашқы картинам әлі есімде. Кейін мультфильм персонаждарын қарап, соларды істедім. Бұл өте қызықты жұмыс. Картинаны жасаған сәттен рахат аламын. Басқа адамдарға өз қолымен сыйлық жасап, оны сыйлаудың өзі үлкен бақыт

Железин ауданының зейнеткерлері бүгінде облыстың қоғамдық-мәдени өміріне белсенді қатысып, зор үлестерін қосып келеді.

Қымбат Садық, Анастасия Ерш