Екібастұз қалалық «Атамұра» мәдениет орталығына биыл 30 жыл. 1993 жылы құрылған орталық осыншама уақыт бойы өңірдің ғана емес, ұлт мәдениетіне қызмет етіп, биік белестерді бағындырды. Орталықтың мерейтойына орай Екібастұз қаласында концерт ұйымдастырылды.
Тәуелсіздікдің алғашқы жылдарында құрылған орталықтың облыс мәдениетіндегі орыны айрықша. Негізін қалаған Түсіпхан Қасымжанов. Орталықтың негізгі мақсатты ұлттық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болды. Және бұл мұрақта жете білді.
Шара аясында қала әкімі Аян Бейсекиннің атынан өнер ұжымын мәдениет бөлімінің басшысы Медғат Манапов құттықтап, бөлімнің атынан миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Сонымен бірге мәдениет қызметкеріне қала әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хат табыс етілді.
Шара барысында Атамұраның шежіресі жазылып, тарихқа еніп, баспадан басылып шыққан «Ұлт өнерінің бесігі» атты кітабының тұсауы кесілді. Кітапты құрастырушы ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Сәдуақасов Жассерік. Ал, ақын Жүрсін Бәтенұлының әулеті демеуші болды. «Атамұра» мәдениет орталығы қазіргі уақытта 16 ауылдық клубтың басын қосып отыр. Жиыны 115 адам еңбек етеді.
Концерттік шараға облсқа және елімізге танымал әншілер мен өнер ұжымдары ат салысты.