Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Оқушылар 15 пән бойынша өзара білімдерін жарыстырды. Толығырақ – келесі сюжетте.

2 күнге жалғасқан білім сайысына қатысуға 700-ден аса шәкірт өтінім берген. Олардың бірі – Дарын Қабыкен пәндік олимпиадаға география пәнінен 4-ші жыл қатарынан қатысып отыр.

ДАРЫН ҚАБЫКЕН, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АБАЙ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯНЫҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

 Былтыр мен облыстық кезеңде бірінші орын алып, республикалық кезеңге өткенмін. Сол республикада 3-орын алдым. Өзім 7-сыныпта ғылыми жобалармен бастадым, сосын олимпиадаға көштім

Сайысқа қатысушылар зияткерлік қабілеттерін екі кезеңде дәлелдеді. Алдымен теориялық білімдерін көрсетсе, кейін практикалық тапсырма орындады. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдаған Дана Кунязова әдеби шығармаларға талдау жасап, эссе жазды.

ДАНА КУНЯЗОВА, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АБАЙ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯНЫҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

2-тур талдау, яғни морфологиялық, синтаксистік және синаксистік талдаулар бойынша тапсырмалар болды. Бірінші абайдың өлеңін көркемдік құралдарға ажырату керек еді. Ал бірінші тур эссе жазу болды. Бізге үш тақырып берілді. Екеуі мектеп бағдарламасы бойынша, үшіншісі еркін тақырып. Мен «аңыздың ақыры» шығармасы бойынша эссе жаздым

Ақылжан Қайырмұрат – 7-сынып оқушысы болса да, жоғары сынып шәкірттерімен білім жарыстырды. Өзі география және дүниежүзі тарихы пәндерін жақсы меңгерген. Алда, тіпті, ағылшын тілінде ғылыми жоба жазу ойында бар.

Пәндік олимпиадада жүлделі орын алып, өзін жақсы жағынан көрсеткен шәкірттерге облыс орталығындағы екі жоғары оқу орны 17 грант ұсынған. Ал оза шауып бәйге алған оқушылар наурызда өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.

Жұлдыз Қабылденова