Өңір құтқарушылары әуеде оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді. Арнайы тікұшақтың қатысуымен өткен шарада мамандар төтенше жағдайда үйлесімді әрекет ету дағдыларын шыңдады. Мұндай жаттығулардың басты мақсаты – құтқарушылардың кәсіби шеберлігін арттырып, кез келген жағдайға дайын болуын қамтамасыз ету.
Жаттығу барысында құтқарушылар бірнеше күрделі жағдайды пысықтады. Мәселен, тікұшақтан тікелей су айдынына түскен сүңгуірлер суға кеткен адамды құтқару тәсілдерін көрсетті. Бұл – төтенше жағдайда жедел көмек көрсетуге мүмкіндік беретін тиімді әдіс. Сонымен қатар, мамандар іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, жолмен жету мүмкін болмайтын немесе қолжетімсіз аумақтарда көмек көрсету амалдарына баса назар аударылды.
Серік Шериязданов, Павлодар облысы ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары
Бүгінгі жаттығу жалпы, бірінші рет болып жатыр. Кезінде біз жыл сайын қыркүйек айында жарысқа қатысатынбыз. Ал Павлодар өңірінде бірінші рет болады. Біз құтқырушы болғандықан әр жағдайға дайын болуымыз керек. Енді жиі жасайтын боламыз. Бірінші рет болғандықтан да, қателіктер болмады. Құтарушылар жақсы секіріп, зардап шеккен адамдарды дер уақытында құтқарып алды.
Облыс бойынша биыл құтқарушылардың көмегімен 19 адам аман қалды. Өкінішке қарай, 15 адам суға кеткен. Мұндай жағдайларда тікұшақтың артықшылығы зор. Ол мамандарды оқиға орнына тез уақытта жеткізіп, қажетті көмекті дер кезінде көрсетуге мүмкіндік береді.
Серік Шериязданов, Павлодар облысы ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары
Рұқсат етілмеген жерлерде шомылған. Одан кейін ішімдік ішкен жерден. Және хабар келіп түскенде нақты орнын айтпаған. Өйткені Ертіс үлкен, мысалы бір хабарлама келіп түсте жылы ағында деп, алайда оқиға басқа жақта болған.
Мамандардың айтуынша, осындай жаттығулар құтқарушылардың тәжірибесін арттырып, өзара үйлесімді жұмысын нығайтады.
Сабина Жолдаспаева