Биыл білім күні салтанатты түрде 1,10 және 11 сыныптар үшін 1 қыркүйек күні өтеді. Бұл шешім оқушы санының көп болуын, қауіпсіздік пен логистикалық талаптарды ескере отырып қабылданған. Қалған сыныптар үшін оқу жылы 2қыркүйек күні дәстүрлі сабақтармен басталады.

Мектеп табалдырығын алғаш аттап, жаңа өмірге қадам басатын 1 сынып оқушылары үшін бұл ерекше сәт. Осыған орай еліміздің барлық бастауыш сыныптарына арналған "Алғашқы қоңырау" мерекесі ұйымдастырылады.Сондай-ақ, 10 және 11-сыныптар – орта білімнің соңғы сатылары болғандықтан, бұл оқушылар үшін де оқу жылының салтанатты түрде басталуы маңызды. Түлектер үшін бұл мектептегі соңғы жыл, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезеңі.

Гүлдана Теміржанова, Павлодар облысы білім беру басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімі басшысы

1-,10,11 сыныптар үшін 1 қыркүйек білім күні салтанатты жиыны 1 қыркүйек күні өткізілетін болады. Ал қалған сыныптар үшін 2 мен 9 сыныптар үшін білім күні өз мектептерінде 2 –ші қыркүйек күні «мектебім мейірім мекені» сынып сағаттарын өткізу арқылы басталады. Және ары қарай сабақ процессі жүріп кетеді. Білім беру күнін ұйымдастыру әрбір білім беру мекемесі дербес анықтайды. Және биылғы жылы атап өтетін шараларымыз бар. Ол біздің ҚР Конституция, Ата заңымызға 30 жылдығына орай салтанатты жиында Ата заңым- Конституция бірі деп тақырыпта салтанатты жиында Туды көтеру рәсімін өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік биыл өңірде 10 552 бала бірінші сыныпқа барады. Ал 11 сыныпты 5751 шәкірт аяқтайды. Ал жалпы оқушылар саны 116 мың бала.

Әйгерім Тоқпанқызы