Облыстық кітапханада Констиуцияның брайль қарпіндегі нұсқасы таныстырылды. Жоба Жоғарғы Соттың бастамасымен Ата заңның 30 жылдығына орай іске асырылды.
Конституция бойынша барлық азаматтың құқығы тең. Оның ішінде зағип жандар да азаматтық құқықтарын жіті пайдалана алуы тиіс. Жоғарғы сот биылғы атаулы жылға орай ата заңның брайиль қаррпіндегі нұсқасын басып шығарды.
Облыстық арнайы кітапхана басшысы мен зағиптар қоғамының төрағасы кітаптың тұсауын кесті.
Қазіргі уақытта Конституцияның өзге де форматтағы нұсқалары бар. Енді брайиль қарпіндегі нұсқасы да қолжетімді.
Шараға кітапханашылар мен арнайы кітапхана оқырмандары, мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.
Жанасыл Серікбол