Биыл Қазақстанның қазынашылық жүйесінің құрылғанына 30 жыл толды. Осы уақыт аралығында аталмыш мекеме еліміздің қаржы жүйесінің дамуына айрықша еңбек етуде.

Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаменті республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетеді. Мәселен, барлық бюджеттік мекеме қызметкерлері осы мекеме арқылы айлық алады. Қаржы саласына қатысты өзге де қызмет түрлерін тиімді іске асырып келеді. Мекеме 1994 жылы 27-қаңтар күні құрылған еді.

Қазіргі уақытта облыста 12 қазынашылық басқарма бар. Облыс бойынша жалпы 135 маман еңбек етеді. Мыңға жуық тұтынушыға қызмет етеді. Басты мақсат-сапалы қызмет.

Облыстық қазынашылық департаменті мекемесі қаладағы тарихи ғимаратта орналасқан. Ал, мекеменің ең басты мақтанышы, әрине, қазынашылық саласының мамандары.

Қазынашылық жүйесінің 30 жылдығына орай республика, облыс деңгейінде бірқатар іс-шаралар жоспарлануда. Олардың ішінде спорттық, қайырымдылық шаралар да бар.