«SuperStar KZ» жобасының кастингіне санаулы күндер қалды. Павлодар қаласында 12 сәуір күні өтетін іріктеуге қатысушылар қызу дайындық үстінде.
Араға 23 жыл салып қайта жанданып отырған «SuperStar KZ» жобасы жас таланттарға тағы бір мүмкіндік бермек. Кастингке 16 мен 25 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Қатысушылар жанды дауыста үш хит ән орындауы тиіс. Сондай-ақ, музыкалық аспаппен сүйемелдеп айтуға да рұқсат етіледі..
Серік Сыздықов, музыкалық колледж «Дарынды балаларға арналған мектеп-интернат» кешені ММ басшысы
Енді біз музыканттар ретінде әртүрлі конкурстарға қатысамыз. Бірақ біз үшін суперстардың орны ерекше. Себебі ол телевизиялық жоба. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік. Біздің музыкалық колледждің студенттері бұл кастингті асыға күтуде.
Кастингті асыға күткен жас таланттар қазір тыңғылықты дайындалып жатыр. Әр қатысушы өз өнерін жоғары деңгейде көрсетуге ниетті. Себебі олардың әрқайсысы үлкен сахнаға жолдама алуды армандайды.
Әнел Сәдуақасова, студент
Суперстар кз жобасы 12 сәуір павлодар қаласында өтейін деп жатыр. Мен асыға күтудемін. Дайындалып жатырмын. Өтемін деген ойдамын.
Амира Исатай, студент
Суперстар кз жобасына бірінші рет қатысамын. Бірінші рет қатысамын осындай жобаға.
Азамат Қайырбай, студент
Менің дайындығым өте керемет. Осы күніне 5-6 сағаттай дайындалаымын. Домбырады 3 ән айтамын. Суперстар жобасында жүлделі орын алып өтсін.
Жас таланттарға қолдау білдіруге өңірімізден шыққан танымал әнші, «SuperStar KZ» жобасының финалисі Ринат Малцагов та қатысушыларға өз тілегін жолдады.
Ринат Малцагов, Қазақстандық эстрада әншісі, «Superstar KZ» жобасының финалисі
Біздің павлодарда осывдан 23 жыл бұрын суперстар кз өтетін болады. Қатысыңыздар, барлықтарыңызға сәттілік тілеймін Павлодар алға.
Айта кетейік, іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар республикалық кезеңге жолдама алады. Сондықтан бұл кастинг – жас әншілер үшін үлкен сахнаға бастар алғашқы қадам.
Дильназ Қуанышбекқызы