Павлодарлық кернейші Жасұлан Төрегелді Мәскеуде өткен халықаралық байқауда лауреат атанды. Профессордың тыңдалымынан өтіп, консерваторияда оқуға шақырту алды.

Мәскеу қаласында Должиков атындағы конкурс өтті. Халықаралық байқауға павлодарлық өнерпаздар да қатысты. Іріктеу кезеңдерінен сүрінбей, финалға жеткен Жасұлан лауреат атанды.

Жасұлан Төрегелді, музыкалық колледждің 3-курс студенті

Астана қаласында іріктеу болды. Әр өңірден келгендер іріктеуден өтті. Ресейде де өңіраралық кезеңдер болды. Одан өткендер Мәскеуге бардық. Екінші кезеңде өз бағдарламамды орындап, комиссия шешімімен, үшінші турға өттім. Ал, үшінші кезеңде камералық оркестрмен өнер көрсеттім. Павлодардан жалпы төрт адам өнер көрсеттік.

Сайыстың алғашқы кезеңінде пьеса және көлемді туынды орындау керек болды. Жасұлан өз кезегінде Беменің «Концерт для трубы», Гайдннің №2 концертін, үшінде кезеңде Неруданың «Концерт для трубы» 1 бөлімін орындады.

Жасұлан Төрегелді, музыкалық колледждің 3-курс студенті

Негізі осы конкурсақа барғанымның бірде бір себебі ол конверваторияға барып, тыңдаудан өту болды. Бұл күндері ашық есік күні болды, барып көрдім. Жан жақтан өнерпаздар жиналыпты. Профессор Вадим Новиковке тыңдалымға кірдім, оған өте ұнады. Мені күтенінін айтты. Аалдағы уақытта, колледжді аяқтағасын, осы консерваторияға оқуға түсуім мүмкін.

Жасұлан қазір Қарағанды қаласында өтетін республикалық байқауға дайындалып жатыр. Ресейдің Нижний Новгород қаласында болатын фестивальға баруды да жоспарлап отыр.

Самал Қалиқызы