Павлодарда көктемгі санитарлық жұмыстар басталды. Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерінде дезинфекция жүргізіліп жатыр. Бұл бастама облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асуда.
Көктем келісімен жертөлелерде ылғал көбейіп, шыбын-шіркейдің дернәсілдері пайда болады. Осыған байланысты мамандар жоспарлы түрде өңдеу жұмыстарын қолға алған. Қазір арнайы қызметкерлер жертөлелерді толық тексеріп, залалсыздандыру жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізуде.
Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы
Бұл шаралар тұрғын үйлердің санитарлық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ қала аумағында шыбын-шіркейдің жаппай көбеюі мен таралуының алдын алуға бағытталған. Өңдеу жұмыстарына өтінімді 8 707 595 64 47 нөмірі, сондай-ақ қала әкімдігінің ресми аккаунтына павлодар әкімдігі жазу арқылы беруге болады.