Ата-аналар үшін маңызды өзгеріс. Павлодар облысында балабақша кезегі енді жаңа платформа арқылы іске асады. Қазіргі уақытта автоматтандырылған жүйенің жұмысы қайта жанданып, балабақшаға қатысты мемлекеттік қызметті көрсетуде.

Бұрын ата-аналар индиго платформасы арқылы жұмыс істеп келді. 31-наурыздан бастап оның орнына BALABAQSHA SMARTNATION жүйесі іске қосылды. Бұл эүйе арқылы кезекке қою, қбаылдау, ваучер алу сияқты қызмет түрлері толық көрсетіледі.

Сондай-ақ, ата-аналар Кривенко 25 мекенжайындағы 408-кабинетке, кез-келген балабақша әкімшілігіне барып толық ақпарат ала алады.

Өңірде жалпы 388 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 164 балабақша және 224 шағын орталық бар. Қазіргі уақытта аталған ұйымдардың барлығы жаңа жүйеге көшті.Бүгінгі таңда Павлодар қаласы бойынша 4000 мыңға жуық бүлдірші балабақша кезегінде.