Павлодарда инвестициялық штабтың отырысы өтті. Онда өңірде іске асатын ірі жобалар талқыланды.
Павлодар облысының инвестициялық пулында 140 жоба бар. Олардың жалпы құны 7,4 трлн теңге. Облыс бойынша инвестициялық жобалар легі мол өңірлердің бірі Екібастұз. Екібастұз әкімі қазір қаланың өндірістік кешені шикізаттық үлгіден терең өңдеу мен заманауи энергетикаға, сондай-ақ цифрлық үлгіге бағыт алғандығын айтты.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі
Қазіргі уақытта біз 21 жобаны іске асыру жолында жұмыс істеп жатырмыз. Олардың жалпы құны 6,4 трлн теңге. Инвестиция әрқашан біздің басым бағтыымыз болып қалады. Облыс әкімдігінің қолдауы да айрықша. Жобаларымыз сан-салалы. Мәселен, деректерді өңдеу алқабы орталығы. Бұл цифрландыру бағытындағы ауқымды жобаларымыздың бірі. Бұл мемлекет басшысының цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру және цифрлық экономиканы дамыту жолында берген тікелей тапсырмасы негізінде іске асуда. Бұл тек инфрақұрылым емес, бұл- Екібастұздың ғаламдық цифрлық нарықпен интеграциялануы. Сонымен қатар, алюминий зауыты, көмір байыту кешені, жартылай кокс өндірісі сияқты индустриялық жобалар да бар....Полу коксом 02.43
Энегргеика саласында 350 Мваттық станса мен газ қалдықтары стансасының жобалары бар. Аян Бейсекин инфрақұрылым жобаларына да тоқталды. Оның ішінде асфальт бетон зауыты мен жанармай құю кешені айрықша. Алғашқысының құны 6,4 млрд, екіншісінңғ 2.1 млрд теңге. жанармай құю кешені 12 колонкадан тұрады. Дәріхана, азық-түлік дүкені, шағын кафе сияқты өзге де қызмет түрлері болады. Жобалардың көбінің іске асыру мерзімі 2026-2027 жылдар. Осы жобалар іске асқан соң Екібастұз қаласының бюджеттік түсісі тағы 10-15 млрд теңгеге артады деп күтілуде.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Павлодар қаласындағы Бакинская көшесі, 13/1 мекенжайында 108 пәтерлі тұрғын үй салу жобасы да қаралды. Облыс әкімі жобаның әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, коммуналдық желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарды беруді жеделдетуді тапсырды.