Павлодарда тұрмыстық қалдықтардан сәндік бұйымдар жасайтын шебер бар. Ол қажетсіз заттарды тастамай, ұлттық нақыштағы мүсіндерге айналдырады. Әріптесіміз шебердің жұмысымен танысып қайтты.

Байтұрсын Жұмабай

Тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалану – қазіргі қоғам үшін маңызды бағыттардың бірі. Мысалы, қарапайым торсық қажетсіз картон, қағаз, бөтелке және сым секілді қалдық материалдардан жасалған. Павлодарлық жастар осындай заттарды қайта өңдеп, кәдеге жаратып жүр. Олардың еңбегі арқылы қалдықтар сәндік бұйымдарға айналып, күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.

Әуелі бұйымның сызбасы жасалады. Кейін қатты қағаз бен сым арқылы пішіні құрастырылады. Мүсін берік әрі салмақты болу үшін желім, құты және қағаз қолданылады. Бұл тәсілді шебер Светлана Рейн ойлап тапқан, оның мақсаты - қалдықтарға екінші өмір беру.

Светалана Рейн, көркем сурет педагогі

Үйімізде көбіне картон қағаз, құты сияқты тұрмыстық қалдықтар жиналып қалады, кейін қоқысқа тасталады. Осыны ескеріп, оларды пайдаға асыру жолдарын іздедім. Бастапқыда бұл істі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосу мақсатында қолға алдым, кейін оны жасөспірімдерге үйретуді жөн көрдім.

Әмина Ғабдуллина, оқушы

– Әмина жұмыс қалай өтуде? Жұмыс жақсы жүріп жатыр. Бұл қазір қағаз арқылы қатайту. Бұл тұрмыстық қалдықтардан жасалады екен. Иә, мысалы мына сымды мен үйден алып келдім. Картонды, қағазды әр жерден табуға болады.

Қажетсіз заттарды кәдеге асыру арқылы оқушылар қиялындағы бейнелерді қолдан жасайды. Мамандардың айтуынша, қайта өңдеу жасөспірімдердің тәрбиесіне де оң әсер етеді.

Гүлнәр Мұхамедқалина, балалар көркемсурет мектебі басшысының орынбасары

Тәрбиелейді балаларды. Одан соң өз отбасындағы адамдарды үйретеді. Керек емес қоқықстарды сұрыптап өзіне керегін алып үйренеді.

Қазір оқушылардың еңбектері көрмелерде сәндік бұйым ретінде ұсынылады. Кейбірі республикалық байқауларда жүлделі орынға ие болған.

Байтұрсын Жұмабай