Павлодарда бастауыш сынып оқушылары болашақ мамандықтардың қыр-сырын меңгерді. Қаладағы Жоғары электроника және коммуникация колледжінде V өңірлік BabySkills-2026 «Эксподвиж» атты байқауы өтті. Ауқымды шара оқу орнының 45 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Бұл байқау балаларға ерте жастан мамандық таңдауға бағыт-бағдар береді. Мұнда 1-4 сынып оқушылары өз қабілеттерін сынап, түрлі салада алғашқы тәжірибе жинады. Шараға оқушылармен қатар ұстаздар, ата-аналар және қала қонақтары да қатысты.

Бақдәулет Қабасов, Павлодар қаласы жоғары электроника және коммуникация колледжі басшысының кәсіби оқу жөніндегі орынбасары

Осы конкурсақа 16 команда заявка берді, жалпы балалар саны 48ге тең. 1-4 сынып аралағындағы балалар бұл. Конкурс аясында 12 модуль қарастырылған. Оның ішінде колледждің басты мамандықтары ішіне кіреді. Тапсырмалар балаларға арнап жасалған. Қиындығы жоқ. Бүлдіршіндерге арналған бағдарламаларды ұйымдастырдық. Осы жолы бесінші рет өтіп жатыр. Осы жылы ауқымды өтіп жатыр 48 баламен. 02:11Биылғы чемпионат теміржол және цифрлық технологияларға басымдық береді. Қатысушылар өздерін болашақ теміржолшы, ІТ маманы ретінде сынап көрді. Заманауи құралдармен жұмыс істеуді үйренді.

Элина Мельник, Павлодар қаласы жоғары электроника және коммуникация колледжінің қызметкері

Балалар тапсырмаларды ойын түрінде орындайды. Мысалы, сандарды шешу арқылы түрлі тапсырмалардан өтеді. Сонымен қатар «Қауіпсіз интернет» ойыны ұйымдастырылған. Бұл арқылы оқушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелерін үйренеді. Сондай-ақ жүк тасымалын ұйымдастыру, яғни экспедиторлық бағыт бойынша да модульдер бар. Теміржол саласына қатысты бөлімде балалар арнайы техниканың қалай жұмыс істейтінін, оның құрылымын ойын арқылы танып біледі. Қатысушылар әр кабинетке барып, түрлі бағыттағы тапсырмаларды орындайды. Әр модульге шамамен 10 минут уақыт беріледі. Себебі қатысушылар саны көп.

BabySkills чемпионаты халықаралық WorldSkills аясында өтеді. Бұл жоба балалардың қызығушылығын ерте анықтап, олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушыларға саналы түрде мамандық таңдауға көмектеседі.

Сабина Жолдаспаева