Павлодар облысының орман қоры аумағында өрт қауіпті маусым 6 сәуірден басталды. Аймақта табиғи өрттердің алдын алу және жедел әрекет ету үшін кешенді профилактикалық шаралар жүргізілуде. Бақылауды күшейту мақсатында өртті сөндіру кезінде тиімділігін дәлелдеген авиация мен жылу камералары бар ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда.
Табиғи өрттерді жоюға арналған күштер мен құралдар нақтыланып, ТЖД-ның күштік қоры жасақталды. Оның құрамында 71 техника, 117 адам эәне өзге де өрт сөндіру техникалары бар.
Қайрат Шаймарданов, Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары
Орман алқаптарына күнделікті ғарыштық және бейнемониторинг жүргізіледі. ТЖД жүйесіне 41 бейнабақылау камерасы енгізілген: «Ертіс Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына - 23, Павлодар орман шаруашылығына - 18 камера. Тәжірибе көрсеткендей, бейнабақылау өртті ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, тек біздің өңірде ғана емес, Қазақстан мен Ресейдің көршілес аймақтарында да. Қазіргі уақытта Баянауыл ұлттық табиғи паркінде тағы сегіз камера орнату жұмыстары жүргізілуде, бұл бақылау аймағын кеңейтеді.
Өртке қарсы шараларға авиациял да ат салысады. Олардың биылғы жылдың жоспары бекітіліп, атқарылатын шаралар да айқындалған.
Павлодар авиациялық бөлімшесі де 2026 жылдың өрт қаупі жоғары кезеңіне дайындалуда. 460 сағат ұшуға дайын екендіктерін айтты. Сондай-ақ, бірінші санаттағы МИ-8 тікұшағы тұрақты түрде кезекшілікте болмақ.
Алыстағы ауылдадар да назардан тыс қалмайды. Бұл мақсатта 113 иың адам тұратын 250 ауылды қамтитын 79 өрт сөндіру пункті ұйымдастырылды. Биылғы жылы тағы 19 пункт жаңадан құрып, 16 пунктті жаңарту көзделген.