Негізгі Жаңалықтар Көпқабатты үйде газ балон пайдалануға болмайды

Көпқабатты үйде газ балон пайдалануға болмайды

Павлодарда көп қабатты үйде газ баллонын пайдаланған тұрғындар анықталды. Олар Мойылды ауылындағы тұрғын үйлерде көгілдір отынды қолданған. Төтенше жағдайлар мамандары рейд барысында 6 тұрғынға заң талабын бұзғаны үшін айыппұл салды.

Төтенше жағдайлар мамандары Қарағанды облысында болған қайғылы оқиғадан кейін газ балонын қолдану бойынша рейдік шаралар жүргізді. Нәтижесінде Мойылды ауылындағы 5 қабатты үйлердің бірінде тұрғындар газ балонын пайдаланған.

Мамандардың ескертуін елемеген тұрғындар айыппұл арқалайтын болды. Заң бойынша 2 қабаттан жоғары ғимараттарда газды қолдануға болмайды. 2012 жылы газды қолдану ережелеріне өзгертулер енгізілген болатын.

Өткен жылы Павлодар қаласында газ жарылудың 5 дерегі тіркелді. Салдарынан 2 адам жарақат алған. Ал апаттың бірі жоғарыда айтылған Мойылды ауылындағы көп қабатты үйде болған.

Өзгеріс Қуанар ЕА.

Бөлісу