Олжас Бектенов орталық аппаратта, өңірде де жұмыс істеді. Жемқорлоыққа қарсы агенттікті де басқарды. Яғни биліктің жұмысын да, халықтың проблемаларын да жақсы біледі. Сондықтан, жаңа үкіметтің жұмысы нәтижелі болады деп сенеміз, - деді мәжіліс депутаттары.

Қазақстанда соңғы 5 жылда өте ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Әлі де тоқтаған жоқ. Ал әр салаға өзгеріс енгізу үшін жаңа жүйе, жаңа көзқарас қажет. Сондықтан үкіметті жаңарту бастамаларды соңына дейін жеткізу үшін қажет болды, - дейді мәжіліс депутаттары.

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Бұрынғы үкімет алдарына қойған мақсатты орындай алмады деп айтуға келмейді. Қазір еліміз бір бағытта ғана дамып жатқан жоқ. Терең реформалар жасау уақыт талабына айналды. Сондықтан ары қарай даму үшін жаңа бастамаларды жүзеге асыра алатын маман қажет болды.

Осы жаңа саясатты жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық қасиеті жоғары маман қажет болған.

ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Менің ойымша бізге қазіргі таңда таза, өзі тәртіпті, сол тәртіпті басқадан талап ете алатындай азамат керек болды. Мен өзім сенемін.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Бектеновтың ерекшелігі оның мінезінде. Ол көп сөйлемейді. Ол сабырлы. Ол түріне қарасаңыз сондай интелегент болып көрініп тұрса да бірақ мінезі қатаң. Ол өз сөзінен таймайды және айтқан шешімін аяғына дейін жеткізе алады. Мен үшін бұл ең алғашқы себептердің бірі.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын, Жолдауда берген тапсырмсаларын жүзеге асыру үкіметтің негізгі міндеті болмақ.

РУСЛАН БЕРДЕНОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Президенттің қойған мақсаты 5 жылдан кейін біздің жалпы ішкі өнімнің екі есе өсуі. 450 млрд долларға жетуі үшін бізге мынау 5 пайыздық экономика жеткіліксіз. Сол үшін жаңа қадамдар, жаңа шешімдер, жаңа адамдар қажет деп ойлаймын.

Әлеуметтік проблемалар да үкіметтің күн тәртібінен түспеуі тиіс. Депутаттар жаңа Премьер-министрге оларды шешудің тиімді жолдарын көрсетуге дайын екендерін де жеткізді.

ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Су мәселесі, жемқорлық мәселесі, жылу мәселесі, үлескерлердің мәселесі, әсіресе Алматы, Астанада мектеп жетіспеушілігі, міне нақты 100 қадам дейтіндей, 100 проблеманы шығару керек те нақты талаптар қою керек, міне бұнымен біз қашан күресе аламыз? Қашан жоя аламыз бұл мәселені деп. Сондықтан мен ойлаймын осындай нақты-нақты қадамдар болса шешуге болады.

Әр бастаманың соңғы жемісін халық көруі тиіс. Сонда ғана осы ауқымды реформалар нәтижелі болды деп айтуға болады.

СЕРІК ЕГІЗБАЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Халықтың әл ауқатын көтеру керек. халық соны күтіп отыр. Ол ана экономиканың қай саласын дамытамыз, қандай инвестиция тартамыз оның бәрі механизм. Егер халық өзінің жан қалтасында, өзінің дастарханында, өзінің балаларының жағдайын, оқу жағдайын сезбесе ешқандай реформа сезілмесе оған халық сұранбайды.

Депутаттар үкімет жұмысында жаңа серпін болатынына сенімді. Ал нақты нәтижелерді көру үшін бірақ уақыт керек, - дейді олар.