Өткен жылы өңірде жол инфрақұрылымы мен көлік мәселесінде қандай жұмыстар атқарылды? Бұл туралы облыс әкімі кезекті бейне есебінде айтты.
Ауыл мен қаланы, шаһар мен даланы, елмен елді, жер мен жерді жалғап жатқан жолдың сапасы қай кезде де өзекті. Айталық, өткен жолы облыс бюджетінен бөлінген 27 млрд теңгеге 722 шақырым автомобиль жолдары жөнделген.
Маңызды инфрақұрылымдық жолдардың бірі «Ертіс өзені» арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысын аяқтау 2025 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, өңірде барлығы 165 маршруттық қатынас бар. Қоғамдық көлік жүйелілігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен 9.5 млрд теңге қаражат бөлінген.
Өткен жылы 12 бағыт бойынша жаңа автобус маршруттары іске қосылып, 130 жаңа автобус сатып алынды. Жолаушылардың жайлылығын арттыру мақсатында теміржол вокзал ғимаратын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ол сәуір айында аяқталуы тиіс. Сонымен қатар, Екібастұз қаласындағы теміржол вокзалы мен әуежай ғимараттары да қайта жаңартылмақ.
Қымбат Садық