Павлодар облысының прокуратурасы ветеринария саласын тексеру кезінде өрескел бұзушылық анықтады. 450 ірі қара мал жұқпалы ауруларға қарсы вакцинацияланбаған, бірақ екпе салынғаны туралы анықтамалар берілген.

Мал дәрігерлері жалған вакцинацияланған жануарларға анықтамалар берілген. Осылайша аса қауіпті ауруға шалдығуы мүмкін мыңнан аса жануар есептен жасырылып қалған. Сонымен қатар, жануарлардың мал союға бейімделмеген жерде сойылғаны анықталды. Ал вакциналар заңнама талаптары мен температуралық режим бұзылған жерлерде сақталған. «Осы бұзушылықтар халық арасында инфекцияның жаппай таралуына әкелуі мүмкін», - дейді мамандар. Бұған дәлел – Баянауыл ауданында ауру жұқтырған жануардың сүтін ішу арқылы үш жасар бала бруцеллез ауруына шалдыққаны расталды. Аталған барлық фактілер бойынша облыс прокуратурасы алдын ала прокурорлық қадағалау шараларын қабылдады.