Павлодар облысында шетелден әкелінетін тауарлардың сапасы тексерілді. Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері және жергілікті мемлекеттік органдар Новосібір облысымен шекаралас өткізу пункттерінде және өңір нарығына енген супермаркеттердегі тауарларды зерттеу нәтижесінде осындай қорытындыға келген.

Елордалық меймандар уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті бизнес өкілдерімен кездесті. Тараптар ішкі нарықты одан әрі нығайту және даму жолдарын талқылады.

БОЛАТ ТАҢАБЕРГЕНОВ, ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бірінші кезекте отандық бизнесті қорғау маңызды. Бұл біздің сапалы өнімдер дүкен сөрелерінде сатылуы және тұтынушының құқығын сапасыз өнімнен қорғау мақсатында жасалады

Кездесуде ішкі нарықты қамтамасыз ету туралы мәселе қозғалды. Ең маңыздыларының бірі - жеке тұтыну үшін көптеген тауарды шетелден тасымалдау, кейін оны жеке кәсіпкерлерге үйлестіру. Мамандардың сөзінше бұл жергілікті өндірушілерге қатты кедергі келтіруі мүмкін. Бұған қоса мұндай тауарлардың сапасы да күмән туғызады.

БАУЫРЖАН ҚАСЫМОВ, ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгін біз отандық өндірушіні қолдау және тұтынушы құқығының бұзылуына қатысты барлық түйткілдерді талқылау үшін бас қостық. Өнімді таңбалау бойынша сұрақтар да маңызды мәселе. Бұл тақырып бойынша да бірқатар мәселе айтылды

Өткен жылдың сәуір айынан бастап сауда және интеграция министрлігінде сапасыз және қауіпті өнімдерді анықтау мақсатында ахуалдық штаб жұмыс істейді. Нәтижесінде 200-ден астам тауар түрі зерттелген. Тамақ өнімдерінің сәйкестігі туралы 83 декларация күшін жойды.

Ақмаржан Қалымбек, Ермек Сапаров