Негізгі Жаңалықтар Қамзин көшесінде үй өртенді

Қамзин көшесінде үй өртенді

Павлодарда өрт шығып, үш бөлмелі жеке тұрғынүйдің 30 шаршы метрі жанып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт туралы хабар 101 пультіне 12-ақпан күні сағат 12:11-де келіп түскен. Өрт кезінде үйдің төбесі ішінара құлап, көлемі 12 литрді құрайтын 1 газ баллоны шығарылды. Өрт сөндіру қызметінің жауынгерлері сағат 13 тен 22 минут кеткенде толық сөндірген. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 38 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды.


Бөлісу