Алдымызда Алғыс айту күні. Халық арасындағы сый-құрметті әспеттейтін бұл мереке бүгінде ел тұрғындары үшін елеулі күнге айналды. Бұл күні баршасы бір-біріне жылы пейіл білдіріп, ыстық ықыластарын танытады. Арнамыздың тілшілері тұрғындардан кімге алғыс айтатындығын сұрап көрді.
Алғыс – жақсылық пен жасамапаздықты насихаттау. Ізгі қасиеттерді әспеттеу. Алғыс айту күнінің де мақсаты жүртшылыққа ізгілік үнін жеткізу. Әр адам өміріне біреуге алғыс айтады. Павлодарлықтардың да айтары көп.
Иә, батамен ел көгереді. Баталы ұл арымас деп те айтқан халқымыз. Бір-біріне жылы тілек айтып, ізгі ниет танытқан елдің берекесі де арта бермек.
Жанасыл Серікбол