Шаһарымызда қазақ тілін еркін меңгерген өзге этнос өкілдері аз емес. Олар ұлтық дәстүрімізді ұлықтап көпшілікке танытуда.

Надежда Куцко поляк ұлтының өкілі. Бала кезінен қазақ тілінде білім алып тілді еркін менгерген. Қазір кейіпкеріміз медициналық саласында қызмет атқарады.

Надежда Андрейқызы қазақ тілін меңгеріп ұмытылған дәстүрлеріміздің жаңғыртуға үлес қосып жүр.

Мемлекетіміз көп ұлтты. Бір шаңырақ астында татулық пен бірлікте түрлі этнос өкілдері бейбіт өмір сүріп келеді.

Байтұрсын Жұмабай