Биыл «Невада-Семей» антиядорлық қозғалысының құрылғанына 35 жыл. Халықаралық қозғалыс осы уақытқа дейін жұмыс істеп, бүгінде бейбітішік ұранын ту етіп келеді. Сонымен қатар, жұртшылыққа ядролық қаудың келтірер залалы жөнінде көптеген ағартушылық жұмыстарды жүргізуде.
Атом бомбасының азабын тартқан халықтардың бірі қазақ. Ұзақ жылдар бойы Семей даласында ядролық сынақ жүргізіліп, салдарынан адамдар мен табиғат өтеуі жоқ жапа шекті. Зардабы әлі күнге дейін кеткен жоқ. Сондықтан, биыл құрылғанына 35 жыл толып отырған ұйым өз миссиясын әлі де жалғастыруда.
АРИНА ЧУБ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНТИЯДРОЛЫҚ ЖАСТАР АЛЬЯНСЫНЫҢ МҮШЕСІ
«Невада-Семей» қозғалысы ең әуелі, жұртшылықты ядролық зардаптан молынан хабардар ету үшін құрылды. Енді бұл қателікті қайталамау керек. Халық алдымен осыны түсінуі керек. Семейдегі ядролық полигон әлемдегі ең ірі тәжірибе алаңына айналды. Осылайша үлкен залал кетірді.
«Невада-Семей» қозғалысының ең үлкен жетістігі Семейдегі ірі полигоннның жабылуына түрткі боулы еді. Қазіргі уақытта оның келтірген зардаптары толық зерттеліп, оны жою үшін қандай шаралар атқарылуы керектігін жөнінде жұмыстар атқарылуда.
АРИНА ЧУБ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНТИЯДРОЛЫҚ ЖАСТАР АЛЬЯНСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Сол аумақта онкологиялық науқасқа шалдыққан жандардың көп екендігін білеміз. Біздің қозғалыс сол науқастарға көмектесудің жолдарын қарастыруда. Сонымен қатар, экологиялық тұрғыда шешімін табу тиіс мәселелер бар. Бұған ғылыми және ақпараттық түсіндіру тұрғысынан келу керек.
Полигонның 40 жылдық тарихында 459 жарылыс жасалды. 1949-1962 жылдары ашық ауада 88 сынақ, жер қойнауында 3 рет бомба жарылды. 1953 жылдың 12 тамызында әлем тарихында алғаш рет термоядролық құрылғы ашық аспан астында сынақтан өтсе, 1955 жылдын 22 қарашасында адамзат тарихында алғаш рет жер үстінде сутегі бомбасы сыналды.
Жанасыл Серікбол