Қай салада болмасын дарынды, қабілетті адамдардың еңбегі жоғары бағаланады. Осы орайда «Ұршық» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы арнамыздағы «Жаңа күн» бағдарламасына қатысып, ұршық жайлы әңгіме тарқатты. Толығырақ алдағы материалда.

Ұршық иіру қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұршық өнерін кеңінен насихаттау мақсатында облысымызда «Ұршық пати» өтті. Оған мектеп оқушылары мен пән мұғалімдері қатысты. Бүгінде ұршық иіріп, текемет басатындарды жиі кездестірмейміз. Дегенмен, қолөнерші айтуынша, өңір жұрты қолөнерден кенде емес екен.

БИБІГҮЛ ҚАРДЕНОВА, «ҰРШЫҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Ұршық бұл өзіміздің көне құралымыз. Бұдан үлкен өнеркәсіп шығаруға болады. Мен шетелде көп боламын, олардан тақия, шашбауларды көп көремін. Сондықтан өз елімізде ұлықтайық, құнына жетейік. Әрқайсының өз тарихы бар. Мәдениетке және тарихқа өте баймыз, сондықтан қолөнеріміз өлмесін

Қолөнерші Бибігүл Қарденова, ұршық иіру ұмыт қалмасын деп түрлі шараларды өткізіп, дүниеге келетін немерелеріне сырмақ сырып, ата дәстүрді дәріптеп келеді. Өз кезегінде, көктем мезгілімен келетін жарқын мерекелермен құттықтады.

БИБІГҮЛ ҚАРДЕНОВА, «ҰРШЫҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Киелі жеріміз Павлодар аймағында тұрып, қазақ елімді амал күні, алғыс күнімен құттықтағым келеді. Барлығымызға заманымыз тыныш, аспанымыз ашық, ел-жұртымыз аман болсын

Ұлттық қолөнерді бүгінгі күнге жеткізуші ақ жаулықты апаларымыз бен аталарымыз – елдің баға жетпес байлығы. Ал, шеберліктің биік шы¬ңына еселі еңбекпен ғана шығуға болады.

Қымбат Садық