Ақтоғай ауданына қарасты Шолақсор елді мекенінде өзен суы арнасынан асып, секундына 50 кубометр жылдамдықта жолындағыны жайпап кету қаупі төнген. Тілсіз жауға тосқауыл болу үшін Ұлттық ұланның 5512 әскери бөлімінің 50-ден астам сарбазы жайылған қызыл суды тежеу үшін дереу Ақтоғай ауданына аттанды. Қазіргі таңда ұландықтар ауыл маңына таяған қарғын суға қарсы бөгеттер жасап, өзен арнасынан асқан суды саябырсытуға барын салып жатыр.
Жанасыл Серікбол