12-сәуір ғұлама ғалым, алғашқы академик, ұлтымыздың ұлы тұлғасы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың дүниеге келген күні. Осыған орай зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен академик ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Биыл данышпанның дүниеге келгеніне 125 жыл толды.

Тарлан тұлға, қазақтан шыққан тұңғыш геолог, алғашқы академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі әлем ғалымдарымен қатар аталатын абыз тұлға. Бұл күні жерлестері ұлы ғұламаның рухына тағзым етіп, қаланың дәл төрінде орын тепкен ескерткіші алдында жиналды. Өскелең ұрпақ нар тұлғаның құрметіне өлең оқыды.

Баянауылдың Айырығында киелі шаңырақта дүниеге келген бала Қаныш, жастайынан ғылымға жақын болды. Кейін кеңес одағының металлогения мектебінің негізін қалап, еліміздің дәл төрінде Желқазған шаһарын тұрғызды. Шараға тәу еткен қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері алаш кемеңгері жайлы келелі ой айтты.

ҒАЛЫМБЕК ЖҰМАТОВ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, ЖУРНАЛИСТ

Қаныш Имантайұлы деген бұл әлемдік дүние. Космосты жұрттар ашып жатса, біздің Қаныш өз тірлігінде жаңалық ашуға, өлеңді дамытуға жолы болаған. Сондықтан біз мақтаныш етеміз бүгінгі кезде.

ӨСЕРБАЙ ШОРАНОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

Қаныш ағамыздың халыққа, жалпы жер шарына десек артық айтпаймыз сіңірген еңбегі зор. Бүгінгі күн Ресей қаласында да Томск қаласында Ресейдің ағамыздың 125 жылдығы аталып өтіп жатыр. Мен өзім суретші болғандықтан сол кісіге арнаған біраз туындым бар еді. Томск қаласына тарту етіп соған мен мақтанамын. Қаныш ағамыздың болашақ ұрпаққа қалдырып кеткен еңбегі өте зор.

БАЛТАБАЙ СЫЗДЫҚОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ

Қазақ ұлтының мақтанышына айналған қазақтың Қанышы атанған ұлы ғалым ғұлама Қ.Сәтбаевтың әдебиет пен мәдениет ғылым саласындағы ұлан ғайыр істері мәңгі бақи ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек. Қазақтың кең байтақ жерін шарлап жер астының кенін барлап,оның металогендік картасы, оның болашақ туралы ойлары бүгінде жүзеге асуда.

«Ұлтыма қызмет етем» деген мақсатпен талай бөгеттерді бұза білді. Геологтар мектебінің негізін қалап, алгебра оқулығын жазды. Қазақстан Ғылым Академиясын ашты. Қазақтың Қанышы мәңгілік ел жүрегінде.

Әйгерім Тоқпанқызы