Биыл Потанин атындағы тарихи өлкетану музейінің қоры ғалым Қаныш Сәтбаевтың 21 съезде сөйлеген сөзі жазылған магниттік таспамен толықты. Құнды жәдігермен танысуға арнайы әзірленген көрмеде мүмкіндік бар.
Академик ғалымның қазақ тарихында алар орны ерекше. Сондықтан Қаныш Сәтбаевты геология саласымен қатар, мәдениет, өнер, әдебиет бағытымен бірге қарастыруға болады. Бір басына бірнеше өнерді тоғыстырған нар тұлғаға орай Потанин атындағы музейде көрме қойылды.
ГҮЛЖАЙНАТ ӘЛИЕВА, ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Көрмеде ғалым ұлы тұлғаның өмірі мен ғылыми қызметін сипаттайтын фотосуреттер, тарихи құжаттар, ғылыми еңбектер мен кітаптар қойылған. Биыл 58-60 жылдары сөйлеген сөзінен магниттік таспамен толықтылды. Ғалымның даусын естуге, тамашалауға ұсынамыз.
Көрменің мақсаты – келушілердің геолог, ғылымды ұйымдастырушы, қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлының мұрасымен, оның ғылымды дамытуға қосқан үлесімен таныстыру. Айта кетейік, көрме үш апта уақыт жұмыс жасайды. Кіру тегін.
Самал Қалиқызы