Мал суаратын орынға балалардың батып кетуіне себепкер болған кәсіпорын иесіне жарты миллион теңге айыппұл салынды. Тексеріс нәтижесінде былтыр болған қайғылы оқиғаға шұңқырдың қоршалмағаны себеп деп танылыпты. Әрі аталған маңда арнайы ескерту белгілері де болмаған.
Еске сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын Павлодар облысына қарасты Успен ауданындағы шұңқырға 7 және 8 жастағы ағалы-інілі балалар түсіп кетіп, қайтыс болған еді. Ал олардың із-түссіз кеткенін оқушылардың анасы тек кешке байқапты. Учаскелік полицейлермен бірге тұтас ауыл азаматтары іздеуге жұмылдырылып, екі баланы ауылдан 500 метр жердегі шалшықтан тапқан еді. Ал сотқа дейінгі тергеуде меншік иесінің заң талабын өрескел бұзғаны анықталыпты.
ҚУАН НАЗЫМОВ, УСПЕН АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Талқылау барысында жер заңнамасын бұзғаны үшін оның орналасқаны жері тексеріп, тапсырылды. Павлодар облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізді. Содан кейін ЖШС мемлекеттік меншік құқығын бұзғаны үшін айыппұл түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.