Оқушылар арқан тарту, автоматты бұзып-жинау, атудан жарысқа түсті. Облыс мектептерінен 19 команда келіп қатысты. Дала ойындары тақырыбын толығырақ тілшіміз жалғастырсын.
Мектеп бала тәрбиесінің іргетасы қаланып, үлкен өмірге бет алатын мекені. Сондықтан дәл осы жерде болашақ азаматтың жан-жақты білім алып қана қоймай, түрлі шараларға қатысқаны маңызды. Осындай шаралардың бірі – «Қазақ даласы» ойындары.
Техника-тактикалық командалық-дала ойындары ер балаларды алғашқы әскери дайындық дағдыларын білуге, қолдануға бағытталған. Жалпы облыстың әр мектебінен 5 оқушыдан 19 команда қатысты.
НҰРИДЕН ОҚИТТАН, Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯНЫҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Бүгін біз 4 оқушы болып келдік. Автомат жинайды, турникке тартылады. Біреуі арқан тартады. Дайындық жақсы. Жарты ай дайындалдық.Бірінші орынды қанжығамызға байламыз деп отырмыз.
Аталған шара биыл бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Бірақ осындай мазмұндағыдағы ойындар жылда түрлі тақырыппен өтеді, деді ұйымдастырушылар.
Осылайша оқушылар арқан тарту, автоматты бұзып жинау, ату, тартылудан бақтарын сынады. Дала ойындарын ішкі саясат басқармасы мен облыстық ауған соғысы мен мүгедектері қоғамдық қоры өткізді. Айта кетейік, командалық дала ойындары қаламыздағы №25 мектепте өтті. Оған шаһардың білім орындарынан 19 команда қатысты.
Самал Қалиқызы