Железин ауданындағы балабақшалардың бірінде кісі өлтірегені үшін сотталған адам 5 жылға жуық жұмыс істеген. Сондай-ақ, ауданның өзге де білім ошақтарында басқа да бұзушылықтар үшін істі болғандар еңбек етіп келген.

Балалардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында Железин аудандық прокуратурасы былтыр білім ошақтарында жұмыс істейтін мамандарды ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізген. Тексеру барысында кәмелет жасына толмағандармен жұмыс істеуге құқығы жоқ адамдардың білім ошақтарында еңбек еткені анқыталды.

Қазіргі уақытта ол адамдардың кәмелетке толмағандармен байланысы жоқ. Осылайша 520 баланың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Аталған қызметкерлер анықталған оқу орындарының басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жанасыл Серікбол, Ермек Сапаров