Өңірге туристерді тартудағы табиғи әлеуетіміз Баянауылдың ата¬ғымен, сұлу келбетімен танымал. Биыл аймақтың жазғы маусымға дайындығы қалай атқарылуда? Толығырақ еліміздің інжу маржаны аталған Баянауылға барып қайтқан тілші әңгімесінде.

Облыстағы туризмнің бола¬шағы Баянауылмен тығыз байланысты. Көрікті табиғат аясына туристер де көптеп ағылады. Бұл орайда, тазалық жұмыстары тиісті деңгейде іске асуы тиіс. Мәселен, былтыр әлеуметтік желіде, сондай-ақ халық арасында демалыс аумақтарында әжетхана мәселесі біраз дау тудырған еді. Биыл бұл мәселе шешімін тапты деп сендіріп отыр әкімдік.

ЕРКІН АРЫСТАНБЕКОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Былтыр, әлеуметтік желіде әжетхана мәселелері көтерілген болатын. Биыл соны ескере отырып, былтырғы жылдың күз айында мүлікті толығымен үш жылдық тендер арқылы сенімгерлік басқаруға бердік, солармен жұмыс жасаймыз 01:10

Сенімгерлік басқару нәтижесінде демалыс орындарында әжетханалар уақытында ашылады. Сонымен қатар, Жасыбайда жарық пен шамдарды қалпына келтірілді. Сабындыкөлде жағасында әжетхана қасында құбырлар қазылмақ. Торайғыр жерінде 2017-2018 жылдары туристік бағытта бірқатар жұмыстар атқарылған. Бүгін де бұл жер сенімгерлікке берілген. Онда мердігерлер абаттандыруды қолға алады.

Мемлекеттік сатып алу үрдісі сәуір айының аяғында аяқталуы тиіс. Мамыр айында жергілікті билік демалыс аумағын абаттандыруды қолға алмақ. Жазғы демалыс кезеңі маусым айында ашылады деп жоспарланған.

Қымбат Садық