Павлодарда кәсіпті дөңгелетіп ел игілігіне арналған шағын трактор жасайтын шебер бар. Павлодар облысы Май ауданының тұрғыны Ерлік Тайшыбаев бүгінде өзі құрастыратын техниканы дамытқысы келеді. Бұндай трактор құрастырып шығатын өндіріс аймақта жалғыз.

Бұл – тоқырау жылдары Павлодар трактор зауыты жабылғалы бері өңірде алғаш құрастырылған әрі патентке ие болған жалғыз техника. Ерлік Тайшыбаевтың осындай шағын көліктерді жасауды бастағанына 2 жыл болған. Өзі жетекшілік ететін кәсіпорын 2010 жылы құрылған.

ЕРЛІК ТАЙШЫБАЕВ, КӘСІПКЕР

20 түрлі, әр түрлі станоктар жасаймыз. Осы міне екі жыл болды үкіметтен грант алып трактор жасай бастадық. Сол уақыттан бері алып трактор істеп реализовать еттік, саттық.

Ерлік Ұзақұлының қолынан шыққан техникалар нарықта сұранысқа ие. Қозғалтқышы мен конструкциясы қарапайым көлік қора-жайдағы малды жайғауға, ауладағы қарды тазалауға қолайлы. Тракторға қажетті тиеуіш, күреуіш, арнайы ашалар қосымша жасалады. Бағасы да қымбат емес.

ЕРЛІК ТАЙШЫБАЕВ, КӘСІПКЕР

Мынау сол біздің мини тракторға арналған мысалы касилка, грабли. Бұл касилка енді кробли касилка бұған 40 жылдан асқан шығар. Бірақ бұл біздің мини тракторға жақсы келеді. Полотносын жаңарттық подшибнигін жаңарттық

Бұдан бөлек, кәсіпкер жайлауға немесе күзеуге шығуға арналған жылжымалы үй жасайды. Онда тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті, барынша ыңғайлы.

ЕРЛІК ТАЙШЫБАЕВ, КӘСІПКЕР

Прицеп істей бастадық. Прицеппен бірге дом на колесах деп айтуға болады. Дом на колесах шаруа қожалықтарына көктемде апарып қоюға болады. Күзе қайта алып кетуге болады. Ыңғайлы мысалы айтқанда.

ЕРЛІК ТАЙШЫБАЕВ, КӘСІПКЕР

Жағдай бар бұның. мысалы айтқанда суы бар, газголдері бар 20 градусқа дейін тұруға болады мұнда. үйткені бұл утепленный

Ерліктің көліктері ауыл шаруашылығы бағытындағы шаруалардың жұмысын жеңілдетеді. Кәсіпорын басшысы енді оларды субсидияланатын техникалар тізіміне енгізгізуді ойластырып отыр.

Байтұрсын Жұмабай