Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ұлттық тағамдар көрмесі өтті. Оқырмандарға тағамдарды дайындау, олардың пайдасы мен маңызы таныстырылды. Толығырақ – тілші әңгімесінде.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында облыстық кітапханада игі бастама қолға алынған. Әр айдың 15-і «Ұлттық күн» деп жарияланған. Наурызда шара ұлттық киімдер және әшекейлерге арналса, сәуір айында ұлттық тағамдарды насихаттау көзделген.

МАЙЯ ИСАКАЕВА, С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС СЕКТОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ұлттық тамақтарға арналған көрмелер, өздеріңіз көріп отырсыздар, бауырсақ көрмелері, сонымен қатар сүт өнімдері көрмелері осы жерде көрсетілген. Сүт өнімдерін айтатын болсақ, енді бұл – наурыз көже, айран, қаймақ, сондай бұйымдарды осы жерден көріп, дәмін тата аласыздар.

Қонақтар бай дастарханнан дәм татып қана қоймай, «шебердің қолы – көпке ортақ» атты қолөнер бұйымдары және арнайы кітап көрмесімен танысты. Оған қоса, тағамдарды жасап үйрену үшін шеберлік сабақтарына қатысты.

БӨПЕЖАН ОМАРОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бүгін, мінекей, облыстық кітапханада өте әдемі ұлттық тағамдарға арналған шара өткізіліп жатыр. Өзіме күшті ұнады. Қазақтың ұлттық тағамдары, оны қалай дайындау керек, қай уақытта қолданады екен сол тағамдарды, одан қалды кітап көрмесі де ұйымдастырылыпты. жақсы, өте жақсы әр ай сайын 15-і күні келіп отырыңыздар деп өзім шақырамын көрермен ретінде

Қонақты ерекше сыйлап, босағасынан аттаған адамды тамақтан дәм таттырмай жібермейтін халқымыз үшін ұлттық тағам – мәдениеттің маңызды бөлігі. Бұл шараның оны ұмыт қалдырмай, жас ұрпаққа қасиетін түсіндіру үшін маңызы зор болды.

Жұлдыз Қабылденова