Облыс орталығын биыл 14 магистральдық жолдың 27 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осылайша негізгі көшелердің бөліктері асфальтталады. Сонымен қатар, аулаішілік жөндеу жұмыстары да атқарылады.

Жалпы облыс орталығындағы қалаішілік жолдар үш бағыт бойынша жөнделеді. Әуелі магистарльдық көшелер. Онда 14 көшедегі аумақтар жөнделеді. Назарбаев даңғылы, Лермонтов, Айманов, Толстой сияқты негізгі көшелер. Сондай-ақ, бірқатар қысқа көшелер де жөнделеді.

Екінші бағыт аулалардың іші. Бұл нысандарға мердгерлер анықталған. Бұндағы ағымдық жөндеу жұмыстары аясында жалпы аумағы 80 мың шаршы метр болатын кварталішілік жолдар мен автокөлік тұрақтарын қамту жоспарланған. Қала билігі бұл жұмысты наурыз айының соңында бастады. Қазіргі уақытқа дейін 21 мың шаршы метр асфальт жабыны жаңартылып үлгерді.

Облыс орталығында жаяу жүргіншілер жолдарын кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары 2022 жылы басталған. Содан бері 40 шақырымнан астамы ретке келтірілді. Биыл Павлодардың 28 көшесінде 22 км жаңа жаяу жүргіншілер жолдарды салу жоспарланған. Одан кейінгі уақытта тағы 45 шақырым тротурады жаңарту керек.

Су бұру жүйесі де кезең-кезеңімен іске асуы мүмкін. Бұл жыл сайын жол жөндеу жұмыстарын болдырмаудың негізгі амалы деді өңір басшысы.

Жанасыл Серікбол