Облыста бірнеше күннен бері тазалық айлығы өтіп жатыр. Ал, 27-сәуір күні облыстық сенбілік ұйымдастырылады. Тазалық айлығы аясында айналаны реттеу, аулаларды қоқыстан аршу жұмыстары бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Таза Қазақстан айлығы аясындағы өңірлік іс-шаралар бірнеше кезеңге жоспарланған. 13-20 сәуір аралығында «Берекелі өлке» акциясы өтеді. Бұл уақыт аралағанды ауыл елдімекендердің аумағы тазартылады. Ал, аймақты жасылдандыру жұмысы 30-мамырға дейін жалғасады. Ал, 27-сәуір күні облыстық сенбілік шарасы өтеді.

Көшет отырғызу жұмыстарында еш кедергі жоқ. Бір мың бес жүз алпыс гектар аумаққа жасыл желек отырғызылмақ.

Абаттандыру, көгалдандыру, көшелер мен аулаларды және өзге де орындарды қоқыстан тазарту жұмыстарына, сондай-ақ, алдағы жалпы сенбіліккке облыстың өзге де қалалары мен аудан әкімдері де дайындалуда. Аппарат жиынында олар өз жоспарларымен бөлісіп, атқарылуы тиіс міндеттерін баяндады. Аймақ басшысы да бірқатар тапсырма жүктеді.

Аппараттық жиында өңірдегі эпидемиолоиялық – санитарлық жағдайдың барысы да баяндалды. Аймақтың бас санитарының айтуынша, қызылша мен көкжөтелдің таралуы көңіл көншітпейді.

Аймақ басшысы жиын соңында су басқан аймақтарда бақылау жұмыстарын күшейтуді, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыруды, А вирустық гепатитіне қарсы екпе жұмыстарын күшетуді, сондай-ақ, ветеринарлық бақылаудың да қарқынын арттыруды тапсырды.

Жанасыл Серікбол