Павлодар облысында 8 сәуірден бастап өрттің қауіпті маусымы басталды. Өрт сөндірушілердің техникасы мен жарақтары тексеріліп, дайындық пысықталды.

Өрттің қауіпті маусымының басталуына орай облыстағы өртке қарсы бекеттері сақадай сай болуы тиіс. Алайда, мамандар станцияларда штат санының жетіспеушілігі, техникалық базаның тиісті деңгейге жетпей тұрғанын айтты.

РУСЛАН ТӨЛЕПБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Орман қорғау мекемелеріндегі станциялардың сәйкессіздігі бар. Пунктер де жоқ. 17 өрт қауіпсізідігі мұнарасынына 1 ғана жұмыс істейді. Себебі мұнараның бақылаушысы штатта қарастырылмаған.

Осылайша алдағы қауіпті маусымға Павлодар орман қорғау мекемесі дайын болмай шықты. Ал, «Ертіс орманы» резерваты мен Баянауыл ұлттық паркінің өртке қарсы техникасы мен жабдықталуы 100 пайызға және облыс әкімдігің 3 орман мекемелері 84 пайызға дайын деді, инспекцияда. Өткен өрт маусымында жалынның елдімекендерге өтіп, адам шығынынын әкелгені тіркелмеді.

РУСЛАН ТӨЛЕПБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

4 мың жуық аумақта 200 орман өрті тіркелді. 240 млн шығыны. 155 жағдайда өрттің себебі найзағайдан. 22 жағдайда дала өрттері орманға кірген.

Былтыр 18 ірі орман өрті орын алды. Инспекцияның жүргізген жұмысы бойынша, 29 лауазымдық тұлға тәртіптік, 5 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Ертіс орманы резерваты аумағында өрт шыққаны үшін 1 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

ҚАЙРАТ ШАЙМАРДЕНОВ, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Биыл былтырғыдан Ертіс орманына өз бекетімізді қоямыз. Онда 1 бірлік техника мен өрт сөндірушілер Ертіс орманына көмектеседі.

 Айта кетейік, төтеншеліктер Қазгидрометтің ақпаратына сүйене отырып көктем былтырғы жылмен салыстырғанда ыстық, жауын шашынсыз болады деп отыр. Сондықтан тұрғындарға өрттің алдын алуға шақырады.

Самал Қалиқызы