Елімізде су тасқынынан зардап шеккен бірқатар өңірлер бар. Ал, Баянауыл аймағында жағдай тұрақты ма? Қандай алдын- алу шаралары атқарылды? Толығырақ алдағы материалда.

Баянауыл ауданында облыс әкімдігімен бекітілген өңірлік жоспар аясында тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Соның бірі – су тасқынының алдын-алу шарасы болып табылады. Бұл орайда, биылғы жылдың қаңтар айында қаражат бөлініп, қаптар, мотопомпалар, жанар-жағармай сатып алынған. Сондай-ақ, техникалар тексеріліп, қауіптің алды алынған.

ЕРКІН АРЫСТАНБЕКОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Наурыз айының басында 19-ы мен 25-і аралығында таудан келген суды бұрдық. Ол жерде екі-үш техника жұмыс жасады. Жалпы 20 адам жұмыс атқарды. Қауіптің бетін қайтардық, бүгінгі күні басқа жақтан, таудан келетін су қауіп әкеліп тұрған жоқ.

Баянауылға негізгі қауіп Қарағанды облысындағы Ақжар мен Қаратоқадан келеді. Өйткені мұнда үлкен су қоймалары орналасқан. Мәселен, 2015 жылы Ақжар мен Қаратоқадан келген су республикалық-аудандық маңызы бар жолдарды шайып, халықты біраз әбігерге салған.

ЕРКІН АРЫСТАНБЕКОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біз ол жерлермен тікелей хабардамыз. Мониторнинг жасалуда. Одан келген су, нақты айтсақ, Жаңажол-Ескелді автомобиль жолы және Құндыкөл-Көкдомбақ өткелінде арнайы перерывный мост бар. Ол жерде су келгенде үстімен жүреді, солай арнайы жасалған, ол битондалған. Екі-үш күн болды Ақжардан су келді, қазір басылды, толығымен ешқандай кедергі жоқ.

Сонымен қатар, аудан орталығындағы бірнеше елді-мекендерде суармалы жерлер мен лимандар қайта қалпына келтірілмек. Бұл арқылы су тасқынының қауіпі азая түспек.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНАН