Өнеркәсіп кәсіпорындарының санитарлық қорғау аймақтарын көгалдандырып, ағаш отырғызу мәселесі облыстық экологиялық кеңес барысында талқыланды. Аймақтағы ірі кәсіпорындар бұл аумақтарды 40 пайызын жасыл желектермен қамтамасыз ету керек. Алайда, кеңес барысында белгілі болғандай отырғызылған көшеттер тек 11 пайызы ғана тамыр алған. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Павлодар-өндірісті өлке. Әрине, қоршаған ортаны қорғау мәселесі біздің аймақта өзекті тұрған сұрақтардың бірі. Жыл сайын зауыттардан шығатын қалдықтар ауаны ластап, экологияға кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Облыста зауыт пен кәсіпорындар аумақтарына ағаш отырғызу бойынша кешенді жоспар бектілді. Қазір мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 480 мың гектар. Оның 57 пайыз жасыл желек. Айта ктеейік, өңірде жоспар бойынша 5 жыл ішінде 106 миллионға жуық ағаш отырғызылуы тиіс.

ӘЙГЕРІМ ҚАБЫЛТАЕВА, ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жоспарланған көлемнің 70 пайызын мемлекеттік мекемелер егіп отыр. Бұл 14 мың гектардан астам аумақта шамамен 74 миллион қарағай ағашы. Бүгінгі таңда жоспар сәйкес көшеттерді отырғызу 45 пайызға орындалды. Ал биыл орман қорына 24 миллион көшет отырғызамыз деп отырмыз. Жұмыс 2 кезеңде орындалады. Ағаш отырғызу 13 сәуірде басталып кетті.

Адамның өмір сүру деңгейі мен денсаулығына жағымсыз әсер ету қаупі неғұрлым жоғары болса, санитарлық-қорғау аймағы соғұрлым ауқымды болуы тиіс. Бекітілген ережерлерге сәйкес зауыт аумағында жасыл қордың 40 пайызы егілуі керек. Дегенмен талаптар орындалмай келеді.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облысымыздың бірқатар ірі кәсіпорындары маңында отырғызылған ағаштар тамыр алмағаны қынжылтады. Менің ойымша, бұл жерде осы кәсіпорындарға қатысты шараларды күшейту керек. Мердігер ұйым өз міндетін толық орындағаны үшін біз жауапты емеспін. Сондықтан бұл мәселені өнеркәсіп басшыларына шешуді тапсырамын.

Өңір басшысы бұл мәселеге қала әкімдері ат салысу керек екенін айтты. Сәуір айының аяғына дейін әр кәсіпорын басшыларымен бірлесіп, жасыл көшеттерді егу бойынша жеке жоспар құруды тапсырды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мен қайта қайта бір тақырыпты жиналып, мұжей бермеймін. Біздің жұмысымыз жеткілікті ғой. Бастан асып жатыр мәселе. Елде болып жатқан мәселені көріп отырсыздар. Сіздер өз жұмыстарыңызды істеу керексіздер ғой.

Экологтардың айтуынша өндірісті аумақ маңында жасыл қор неғұрлым бай болса, соғұрлым ауаға өнеркәсіптік шығарындылары аз шашылады. Мамандар бұл мәселемен тыңғылықты жұмыс жасамақ.

Әйгерім Тоқпанқызы