Тасқын судан зардап шегушілерге ел болып көмектесіп жатырмыз. Еріктілер, кәсіпкерлермен қатар оқушылар да барынша қолұшын созуда. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын.

 Тосыннан келген тасқын су жерлестерімізге аса ауыр қайғы мен зардап әкелді. Бірақ қазақстандықтар жағдайға бей-жай қарамай жақсылық жасап жарысып жатыр. Мәселен Розовка жалпы орта білім беру мектебінің тоғызыншы сынып оқушылары да ата-аналарымен зардап шеккен аймақтардың балаларына көмектесіп жатыр. Оларға гуманитарлық көмек ретінде кеңсе тауарларын жібереді.

Мектептің мұғалімдері кеңсе тауарларын жинауға оқушылар барынша атсалысты дейді. Ал, гуманитарлық көмек жақын күндері аудандық мәслихат депутаты Сергей Ткачуктың көмегімен Петропавлға жіберіледі.

СЕРІК ҚАЙЫРБЕКОВ, РОЗОВКА ЖОББМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл шара жұмыла көтерген жүк жеңіл деген сөздің тағы бір дәлелі. Оқушыларға кішкентай кезінен рухани, адами құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында өте маңызды.

Осылайша оқушылар мен ата-аналардың көмегімен мектеп жинақтары, оның ішінде қаламдар, қарындаштар, дәптерлер мен басқа да қажетті дүниелер жиналды. Бұл зардап шеккен отбасыларға кішкене болса де сеп болады дейді, оқушылар.

ВЛАДИСЛАВ ОЛЬХОВСКИЙ, РОЗОВКА ЖОББМ 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Біз Петропавлдағы оқушыларға көмектескіміз келді. Себебі бұл жағдайдан ешкім сақтандырылмаған. Бей-жай қарамауымыз керек.

Бұл «Күшіміз бірлікте» екенінін тағы бір дәлелі. Зардап шеккен жерлестерімізге бүкіл ел болып көмектесіп жатыр. Ал, мектеп оқушыларының бұған атсалысуы болашақ ұрпағымыздың жақсы тәлім мен тәрбие алып жатқанынын көрінісі.

Самал Қалиқызы, Валентина Леонова