Павлодарда өнерпаз бүлдіршіндердің қалалық байқауы өтті. Фестивальге 38 ші балабақшаның тәрбиеленушілері қатысты.

Бұған дейін балдырғандар балабақша деңгейінде іріктелді. Алғашқы кезеңнен аты озған бүлдіршіндер қалалық кезеңде сыналуда. Бұнда қатысушылар ән салып, би билеп, көркем сөз оқыды. Музыкалық аспапта ойнау шеберілктерін де көрсетті. .

Елу жеті номердің ішінен үздіктері іріктеліп, облыстық байқауға жолданады. Онда барлық аудандар мен қалалардан озып келген кіл таланаттар өнер көрсетеді. Бұл фестиваль дәстүрлі түрде 25-рет өтіп отырғандықтан, бәсеке жоғары. Балалардың да барлығы дарынды. Мәселен, номері 33 балабақшаның бүлдіршіндері бұл сайысқа тыңғылықты дайындалған.

Ал, номері 44 балабақшаның қатысушылар да өз өнерлерін көрсетіп, ән өнерінің биігіне шыққылары келетіндігін көрсетті.

Осылайша қала балабақшаларының бүлдіршіндері өрелі өнердің биігінде кендіктерін көрсетті.

Жанасыл Серікбол