Еліміздегі өзекті мәселелер өте көп, оның бірі су тасқыны. Осы орайда ғалымдар өз пікірлерімен бөлісті.

Бірнеше өңірлердегі су тасқыны біраз әбігерге салғаны анық. Павлодар ғалымдары суды бұруға және оны ауыл шаруашылығы немесе өнеркәсіптік мақсатта пайдалану жөнінде бірқатар ұсыныстар білдірді. Ғалымдардың айтуынша су тасқыны, табиғи құбылыс дейді.

ИВАН РАДЕЛЮК, ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ

Бүгінде су тасқыны жөнінде барлық ғылыми институттар жұмыс істейді. Мамандар ғылыми зерттеулер жүргізіп, тың әзірлемелерді қолданады. Мысалы, мен далада түрлі деректерді жинаймын, сол жерде өлшеулер жүргіземін. Экваторда немесе Тынық мұхитында болатын климаттың қалай әсер ететінің бақылаймын

Су тасқынына жауған қардың көп мөлшері де әсер етеді. Мысалы, еріген суды ауылшаруашылық саласында пайдалануға болады екен.

ТОҚТАР БЕКСЕЙІТОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ

Су қоймалары мен арналар, каналдар көптеп салынуы керек. Сол арқылы еріген суды ауылшаруашылық жерлерін, жайылымдарды, шабындықтарды суару үшін пайдалануға болады. Биылғы жыл біз үшін сабақ болды деп ойлаймын. Еріген суды қалай пайдалану керектігін ақылмен ойланып, дұрысынан қолдану керек

Ғалымдардың айтуынша, су тасқынын алдын ала болжауға болады. Ол үшін озық ғылыми тәжірибені пайдалану қажет.

Қымбат Садық, Валентина Леонова