Бала денсаулығын сақтау – әр ата-ананың міндеті. Осы орайда балалар арасында жиі кездесетін жарақаттар қандай? Оның алдын алу үшін не істеу қажет? Толығырақ алдағы сюжетте.

Балалар жарақаты оның денсаулығына қауіп төндіретін, сонымен қатар ата-аналарға қиындық туғызатын күрделі мәселенің бірі. Павлодарда соңғы үш айда 103 баланы күйік шалып, оның 47-сі стационарлық ем қабылдаған. Қазіргі таңда, 1 балаға ота жасалған, оның қазіргі халі орташа ауыр. Күйік шалудың басты себебі – ата-ананың немқұрайлығы.

Сондай-ақ, ашық терезелердің маңында балалардың тұрмауын қадағалап, абай болған жөн. Айталық, қазір жолдың бойымен самокат немесе мопед тізгіндеп келе жатқан балаларды да көзіміз жиі шалады. Оның салдарынан балалар бас, аяқ-қол,сүйек жарақаттарын алады.

Травмотолог дәрігер жазатайым оқиғалардың орын алуына - ата-ананың бейқамдығы себеп екені баса айтты. Сондықтан сақтық ережелеріне сүйеніп, баланың қауіпсіздігіне баса назар аударған абзал.

Қымбат Садық