Шаһарымызда дәстүрлі түрде студенттер арасындағы әскери сайыс өтті. Облыстық дода 16 команданың басын қосып 6 сайыс бойынша сынға түсті. Қатысушылардың әскері дайындығын тамашалап қайтқан тілші әңгімесінде.

Колледж студенттері арасында әскери-қолданбалы сайыс 15 жыл өтуде. Биыл да жалғасын тапты. Бұдан бөлек ұйымдастырылған шара мерейлі шараларға орайластырылды.

ТӨЛЕГЕН ҚОҚЫМБАЕВ, «ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МЕН ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІ» ҚҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгін әскери қолданбалы түрлерінен дәстрлі сайыс өтіп жатыр. Осы сайыс колледждің арасында өтіп жатыр. Осы сайыс кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шыққандарына 35 жыл толуына орай және бірінші ҚР қорғаныс министрі ХҚ Сағадат Нұрмағамбетов атамыздың және Рахымжан Қошқарбаев атамыздың 100 жылдықтарына арналып жатыр

Облыстық деңгейдегі жарысқа 16 команда қатысты. Студенттер сайыстың алты тапсырмасы бойынша сынға түсті.

Бәсекеге бағы мен бабы басым түсіп, жеңіске жеткен өрендер облыс құрамасына алынады. Ал құрама сапында аймақ намысын қорғайды.

Байтұрсын Жұмабай