Облыс әкімі дезинсекциялық іс-шаралардың барысы туралы жиналыс өткізіп, шыбын-шіркейге қарсы күрес стратегиясын бекітті. Толығырақ алдағы сюжетте.

Павлодар, Ақсу қалалары мен Павлодар ауданындағы 77 мың га жайылма алқабын әуеден өңдеу үшін 130 мың литр көлемінде биопрепарат суспензиясының 30%-ы дайындалды. Ғылыми сүйемелдеу тобымен жағалау бойында орналасқан барлық аудандардағы Ертіс өзенінің жайылмасына фенологиялық мониторинг жүргізілді. 19 сәуірде Павлодар ауданының Заря ауылының маңында жиналған еріген суларда дернәсілдер анықталды. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

ХАСАР ХАБЫЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазіргі уақытта Павлодар қаласындағы жертөле үй-жайларын бастапқы өңдеу кезеңі аяқталды. Тұрғындардың өтініші бойынша барлығы 65 жертөле өңделді, бүгінде 4 жерде жұмыстар жүруде. Сондай-ақ, өтініштерді қабылдау үшін жедел желі бар. Онда әлеуметтік желілерге хаттар келеді, сол бойынша жауапты мамандар күнделікті тиісті міндеттемелерді жүктейді. 15 сәуірден бастап ғылыми сүйемелдеу тобымен су қоймаларына қайта мониторнинг жүргізілді. Оның нәтижесіндже 25 сәуірден бастап химиялық препарттарды қолдана отырып дезинсекция өтеді

Қазір 3000 литрден асатын химиялық препараттар бар. Сонымен қатар, 10 бригада, 36 дезинсектор, 1 биолог, 2 автобус пен жүк көлігі бар. Асайын Байханов су шаруашылығы жағдайын ескере отырып, әуеборттарын 10 бірлікке дейін ұлғайту қажеттігіне назар аударды. 25 сәуірде Атамекен кентінің әуеайлағына барлық АН-2 әуеборттары бір мезгілде келеді деп күтілуде.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Дезинсекциялық жұмыстарға мынадай ұсынысым бар. Аялдамаларды, ағаштарды өңдеу үшін қоғамдық көліктерді, яғни трамвайларды іске қосу керек. Басқа да техникалар, арнайы көліктерді дайындау қажет. Биылғы жыл ыстық болады деп күтілуде, сондықтан шыбын-шіркеймен жұмыстарды күшейту керек, тияқнақты болған жөн

Қазгидрометтің дерегі бойынша: бүгінгі таңда ШҚО тауларында қар жамылғысының шамамен 51%-ы бар. Қатты еріген жағдайда бүйірлік су ағыны ұлғайып, су жіберілу кезеңінің ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін. Бұл шіркейдің жаппай ұрықтану қаупін арттырады. Осы қауіпті ескере отырып, нүктелер арасындағы қашықтықты қысқарту арқылы биологиялық препаратты құю нүктелерінің санын 8-ден 10-ға дейін арттыру туралы шешім қабылданды.

 Қымбат Садық