Елімізде адам паппилома вирусына қарсы екпе салу науқаны басталды. Павлодар облысына 5600 доза вакцина жеткізілді. Екпе кімге салынады? Қай жерде алуға болады? Келесі сюжетте.

Елімізде әйелдер арасында жатыр мойыны обыры барлық қатерлі ісіктер бойынша екінші орында. Осы ретте жатыр мойны ауруын адам паппиломасы вирусы тудырады, дейді дәрігерлер. Елімізде күн сайын әрбір екінші әйел, жылына 600-ге жуық науқас осы патологиядан көз жұмады. Көрсеткішті азайту мақсатында Қазақстанда адам паппиломасы вирусына вакцина салу басталды

БАТЫРБЕК ӘЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

17 қыркүйекте ҚР адам папилломасы қарсы екпе салу бойынша Қаулыға қол қойылды. Қаулыға сәйкес 11 жастан бастап қыздарға 12 жастардан 13 жасқа дейін қыздарға вакцина егіледі.

Екпе әлемде 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып, тиімділігін дәлелдеген. Облысқа 5000-нан астам доза вакцина жеткізілді.

БАТЫРБЕК ӘЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Екпе аралығы 6 аймен екі кезеңде жүргізіледі. Аталмыш Гардасил вакцинасы АҚШ-та шығарылады. Ол адам пипиломасы вирусының 4 түрінен қорғайды. Иыққа, бұлшық етке салынады. Облысқа 5600 доза екпе жеткізілді. Вакцинациялау емханаларда және мектептерде екпе салу кабинеттінде жүргізіледі. Ауылдарға көшпелі бригадалар барады. Екпе ата-аналардың рұқсатымен ғана жасалады.

Аталмыш вакцина тиімді, яғни екпе көмегімен Батыста 90 пайызға дейін онконауқастар саны азайған.

ГҮЛМИРА ҚҰЛМАҒАМБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Кез келген препаратқа 100 пайызға кепілдік берілмейді. Бірақ аталмыш екпе жақсы нәтижелер көрсетті. Америка, Аустралилияны алайық 15 жылда жатыр мойны обыры бойынша көрсеткіштер 90 пайызға дейін азайды. 10 пайызға екпе көмектеспеді, бұл адамның иммунитетіне де байланысты.

Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде 13 мыңнан астам адам есепте тұр, 4 мыңы жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша. Жыл басынан бері 70 адамда обырдың бұл түрі бойынша жаңа жағдайлар анықталған.

Самал Қалиқызы