Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ертіс ауданына барды. Биыл Ертіс ауданында өнімділік өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе жоғары болады. Орташа алғанда, фермерлер бір гектардан 13-14 центнер өнім жинауды жоспарлап отыр. Алқаптардың 40 пайызы жиналған екен.

Ертіс ауданы облыстағы ең көп егін алқабы бар аудан. Орташа алғанда, фермерлер бір гектардан 13-14 центнер өнім жинауды жоспарлап отыр. Алқаптардың 40 пайызы жиналған екен. Кейбір шаруалар тіпті гектарына 20 центнерге жуық өнім жинап жатыр деді аймақ басшысы. Егін жинау науқаны 10 қазанға дейін жалғасады.

Облыс әкімінің Железин ауданына жұмыс сапары туралы толығырақ ертең күндізгі «Ертіс ақпарат» жаңалықтарынан көре аласыздар.