21 қыркүйек сүйек кемігінің доноры күні атап өтіледі. Осыған орай Павлодар облыстық қан орталығы шаһарымыздың белсенді донорларын марапаттады. Толығырақ шараға барып қайтқан тілшіміз әңгімелесін.

Павлодар Облыстық қан орталығы донор болуды дәріптеуге бағытталған “100 qadam” ақпараттық-түсіндіру акциясы аясында әлеуетті донорлар қатарына қосылған жандарды марапаттады. Бұл шара 21 қыркүйек күні атап өтілетін сүйек кемігінің доноры мерекесі қарсанында өтті.

САРА СЫЗДЫҚОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгін облыстық қан орталығының базасында дің жасушаларының қатарына енген донорларды марапаттау акциясын өткіздік. Дүниежүзілік сүйек кемігі донорларының қауымдастығы бұл күнді 2014 жылдан бастап атап өтуде.

Биыл өңірдегі донорлар саны өскен. Былтыр ел бойынша 11 мың, ал өңірде 800 донор қосылған. Олардың бірі Нұрлан Айбалтанов. Ол бір жылдан аса уақыт өз қанын тапсырып келеді.

НҰРЛАН АЙБАЛТАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Сол кісілерге қан керек екенің естігенде мен тураы мен осы қан орталығына келіп қанымды тапсырдым. Мен басқа адамдарға көмектесе алғаныма қуаныштымын

Айта кетейік, доноры болу – ерікті шара. мамандар ұдайы түрде қан өткізіп отыру арқылы адамдар өз өмірін де 5-7 жылға ұзартатынын айтады. Шара сонында қатысушыларға қан доноры болудын маңызы тақырыбында фильм көрсетілді.

Байтұрсын Жұмабай