Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі қоғамда кең көлемде пікірталас тудыруда. Мәселеге жас буын өкілдері де өз ойларын айтуда. Олар атом электр станцияларында қолданылатын заманауи қауіпсіздік технологияларына назар аударады.

Қазақстанда атом электр стансаларының құрылысына қатысты пікірталастан блогерлер де қалыс қалмауда. Олар атом энергиясы тек экологиялық таза ғана емес, сонымен бірге көмірқышқыл газының шығарындыларын азайта алатын тиімді энергия көзі екендігін де айтуда. Жаһандық климаттың өзгеруі тұрғысынан да маңызды болмақ.

ВЛАДИМИР КИРИЧЕНКО, БЛОГЕР

Тікелей сұраққа тікелей жауап беру керек. Қазақстанға арзан және экологиялық таза энергия қажет. Менің ойымша, атом энергиясы экологиялық ең таза, мүмкін ең қауіпсіз жолдардың бірі. Бұл күн батареяларына қарағанда қауіпсіз деп айтуға болады. Өйткені, батареяларды кейін жою керек болады. Бұл үлкен мәселе. Сондықтан, мен мен референдумға қатысып өз үнімді жеткіземін.

Жанасыл Серікбол