Павлодарда өткен "Зерде" олимпиадасы 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарды қорғауға арналған маңызды шара болды. Бұл конкурс қалалық деңгейде өтті. Оған қатысуға 600-ден астам жоба ұсынылды, оның ішінде 370 жұмыс іріктеліп, қалалық кезеңде қорғалды.

 «Зерде» олимпиадасы жылда өтетін дәстүрлі олимпиада. Олимпиадаға Павлодар қаласының 43 мектебінен 370 оқушы қатысып отыр. Ал жалпы жобаны қорғау 12 секция бойынша өтеді. Бұл шара дарынды жас зерттеушілерді анықтап, олардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.

АҚМАРАЛ МҰХАМЕТЖАНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ «ПАВЛОДАР ДАРЫНЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бүгінгі күні осы Павлодар қаласының зерде Республикалық байқауының қалалық кезеңі өтіп жатыр. 00:35+СКЛЕЙКА+00:45// 2-7 сынып оқушыларына арналған жобаларды қорғау іс-шара. Бұл қалалық кезең. Негізінде мамыр айында осы жобаға қатысатын оқушылардың жұмысын іріктеу кезеңі болды. Іріктеу кезеңіне 600 ден жуық жұмыс келді. Содан іріктеу кезеңін өткен 370 оқушы қалалық кезеңге қатысып отыр.

Айта кетейік, «Зерде» олимпиадасының қалалық кезеңінен өткен оқушылар облыстық олимпиадаға жолдама алады.

АҚМАРАЛ МҰХАМЕТЖАНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ «ПАВЛОДАР ДАРЫНЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қалалық кезеңде жеңімпаз атанған оқушылардың жұмыстары облыстық кезеңнің іріктеу кезеңіне өтетін болады. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп кетсе, оқушылар облыстық кезеңде қатысады. Ал облыстық кезеңде жеңімпаз атанған оқушылар Республикалық кезеңде қатысатын болады. Республикалық кезеғге өткен оқушылар жоқ емес, бар. Жыл сайын оқушыларымыз Республикалық кезеңге қатысып 3-4 оқушы орын алып келеді.

Оқушылар күрделі мәселелерді шешіп, жаңа идеяларды зерттеуге мүмкіндік алады. Жасмин есімді оқушы да ағылшын тілі секциясын 2 жыл бойы зерттеп келеді. Балалардың ағылшын тілін тез үйреніп кетуі үшін мультфильмдерді ағылшын тілінде көруге ұсыныс білдірді.

ЖАСМИН САҒАДИЕВА, ҚАТЫСУШЫ

Біздің тақырыбымыз ағылшын тілін мультфильмдер арқылы үйрену және біздің мақсатамыз ағылшын тілін тиімді әрі қызықты өткізу. Жұмыс барысы өте қызықты. Мкльтфильмдерді мысалы мики маус тышқан микки бетмен әртүрлі супергеройларды көруге болады. Менің кеңесім бар мысалы ағылшын тілдегі мультикерді көре отырып қазақша немесе орысша субтитерлермен көрген жөн.

Олимпиадалар оқушылардың сыни ойлау қабілетін, шығармашылық әлеуетін арттырады. Сонымен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйреніп, сол арқылы ғылымға қызығушылықтарын оятады. Бұл болашақта кәсіби бағдарды таңдау кезінде маңызды рөл атқарады.

Сабина Жолдаспаева